КҮЗЕТ-ДАБЫЛ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қала тұрғындарының көпшілігі күзет-дабыл қондырғылары мен бейнебақылау камераларын орнатуды және жеке күзет ұйымдарының қызметін қолдануды тек қылмыстық оқиғалар орын алғаннан кейін ғана пайдалануда.
Тиісті күзет қауіпсіздік шараларын сақтаған пәтерлер мен мекемелерде қылмыстар орын алмайды, мәселен, ұрлық болған жерлерде қылмыскерлерге қатысты ақпаратты жинау кезінде күзет-дабыл қондырғысы қосылған жағдайда қылмыскерлер асығыста іздері мен көптеген дәлелдер қалдырады, нәтижесінде тергеу барысында қылмыскерді құрықтауға көптеген мүмкіндіктер ашылады.
Бүгінгі күні қозғалмайтын мүлікті күзет-дабыл жүйелерімен күзету жеке күзет ұйымдарының нарығында ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.
Күзет дабылы тұрғын үй, кеңсе, барлық көлемдегі өңдіріс ғимараттарын күзет қызметкерлерінің немесе үй иесінің бар-жоғына қарамай тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жеке күзет ұйымы мен бейнебақылау камералары құқық бұзушыға тежеуші фактор ретінде де әсер етеді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі