ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛЬТЕРНАТИВНИК» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №74-ОД бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қалалық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, соңдай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 2015 жылғы 14-22 қыркүйек аралығында республикалық «Альтернативник» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша, ақпараттық деректер базасында тұрғандарды Республикадан тыс шығу-шықпауы, қайта құқықбұзушылықпен қылмыс жасау деректерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі.
Тексеру барысында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қызылорда қалалық №2 сотының 2015 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен іздеу жарияланған Қызылорда қалалық Пробация қызметінің есебінде тұратын ҚР ҚК-нің 257 бабы 1 бөлігі, 178 бабы 2 бөлігі «а» тармағымен 3 /үш/ жыл бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған 1982 жыл тумасы Е.П атты азамат ұсталды.
Іздеудегі қылмыскерді қолға түсіру Қызылорда қалалық Пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Д.Сайдильдинов және Қызылорда ОІІД КПБ-ның қызметкері С.Мубарактың қатысуымен жүргізілді. Бой тасалап жүрген сотталған 2015 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласы Алматы АІІб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар Байқоныр қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Р.Сыздыков және ҚР ІІМ Байқоныр қаласындағы Өкілдігінің криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция майоры К.Алманиязовпен іздеуде жүрген Қызылорда облысы, Арал аудандық сотының 06.05.2013 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 1981 жылы туылған Нурбаев Бакытбек Куттымуратович Алматы қаласында ұсталып, Алматы қалалық Бостандық АІІБ-нің УҰИ-на қамалды.