Т.ОМАРОВ: БИЫЛ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР ЛЕГІ ӨТЕ КӨП
Қыркүйек айының 24-26 аралығында барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам - Құрбан айт мерекесі аталып өтпек. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстың бас имамы Талғат Омаров бастаған «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің дін қызметкерлері Құрбан айт мерекесіне дайындық деңгейімен таныстырып, мерекенің сүйікті амалы құрбандық шалудың мән-маңызы мен шарттары жайында түсіндіріп өтті.
Орталық мешітте күрделі жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, биыл мерекеге арналған барлық шаралар мен айт намазы облыс орталығындағы «Айтбай» мешітінде оқылмақ. Қызылорда уақыты бойынша айт намазы сағат таңғы 8.00-де оқылады.
Бас имамның айтуынша, қасиетті мерекенің бірінші күні мешіт алдына киіз үйлер тігіліп, 2 тайқазан палау пісіріледі. Сондай-ақ ұлттық спорттық ойындар мен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Биылғы спорттық жарыстардың бір ерекшелігі - «қой көтеру» жарысы болмақ. Ең көп көтерген жеңімпаз сыйлық ретінде сол қойды үйіне алып қайтады. Одан бөлек адал ас жәрмеңкесі мейрамының ажарын кіргізбек. Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалмақ.
«Кез-келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Құрбандық шалған кезде көптеген жайттарға назар аударып, шарттарын дұрыс орындаған өте маңызды. Құрбан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу, құрбан шалатын жерге малды ұрмай-соқпай апару, құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу керек. Биыл да жылдағыдай мешіт жанынан қасапхана дайындадық. Алдын-ала 8 қасапшы белгіленді. Олар киімі, құрбандық малды сою шарттары жайында арнайы дайындықтан өтеді. Құрбандыққа шалынған малдардың еті міндетті түрде мұқтаж адамдарға таратылады. Айта кететін жайт, биыл құрбандық етіне өтініш берушілер легі өте көп. Құрбандық еті әдеттегідей мүгедектер қоғамдарына, әлеуметтік әлсіз топтарға таратылады», - деді Т.Омаров өз сөзінде.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА