МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН ПУШКИНДІ СҮЙІСТІРІП ҚОЙҒАН СУРЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақтоты Райымқұлованың пікірінше, әлдекімдер Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіру арқылы қазақтың рухани құндылықтарын аяққа таптап отыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады.
«Мұнда ешбір дәлел іздеудің қажеті жоқ. Қалыптасқан жағдай қазақстандық ретінде, қарапайым азамат ретінде біздің де намысымызға тиді. Бас прокуратура мен Әділет министрлігіне қоғамдық сұрау салдық. Қазір осы құзырлы органдардан жауап күтіп отырмыз, бұл жағдайда қылмыстық іс қозғауға бола ма, жоқ па, анықтаймыз. Бірақ қалай дегенде де біздің ұлттық құндылықтарымыз бен халқымыздың ұлы перзенттерін көрінгеннің қолжаулығы етіп қоймаймыз. Құзырлы органдардың жауабы қандай болатынына қарамастан, министрлік бұл сорақылықты ақтап алмақ емес», - деді ол.
Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова қалай болғанда да кінәлілер заңға сәйкес жазасын алатынын атап өтті.
«Кінәлілер заңға сәйкес жазасын алады. Біздің пайымымызша, бұл ұсақ бұзақылық емес – қазақ және орыс мәдениетін, жалпы адамзат құндылықтарын қорлаудың айқын дәлелі. Мен мұны біздің рухани құндылықтарымызды, мәдениетімізді аяққа таптау деп түсінемін», - деп түйіндеді Ақтоты Райымқұлова.
Естеріңізге сала кетейік, ғаламторда қазақтың күйшісі Құрманғазы мен орыстың ақыны Пушкин сүйісіп тұрған жарнама постерге қатысты шу шыққан болатын. Қос елдің ардақтысын қорлаған гей-жарнама ғаламторда көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл бассыздықты ұлтты басыну деп бағалады. Кейін Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігі фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаға қатысты ресми түсінік беріп, халықтан кешірім сұрады.