ҚЫЗЫЛОРДАДА ДІНИ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ 6 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Жылдың басынан Қызылордада ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін 6 дерегі тіркеліп, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 6 жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, ал 1 дерегі бойынша қызметі үш ай мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, жедел профилактикалық іс-шара барысында облыс орталығында орналасқан кітап сату дүкеніндерінің бірінде 2 дана діни мазмұндағы кітаптар сатылымда тұрғандығы анықталып, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен дүкен иесі кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБТК-нің 490- бабы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.