ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУШІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ОТБАСЫ КҮНІ
Біздің елімізде отбасы әрқашан да ұрпақтар арасын, рухани және мәдени дәстүрімізді байланыстырып тұратын буын болып табылады. Отбасы күнін тойлау адамгершілікті, рухтандырушылықты, отбасы ошағын біздің қоғамымызда мойындатуды нығайтуға көмектеседі. Бақытты отбасы - денсаулық пен Қазақстан Республикасының барлық халқының жемісті болашағының кепілі.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде Отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметінен хабарлады.
Балалар үшін қызықты, танымдық профилактикалық сабақтар дайындалды. Ұлдар мен қыздарды сабақ бағдарламасында байқаулар, зейінділікке, тапқырлық пен жүйріктігіне, іс-әрекетке жылдамдығына тапсырмалар күтіп тұрды.
Әрбір бала қуаныштан ерекше сезімге бөленді және жағымды әсер алды, ал ересектер балалармен бірге болды, кейде балалармен бірге спорттық жарыстарға қатысуға тырысты. Спорттық отбасылы жарыстан кейін, ата-аналар музыкалық байқауға қатысты.
- Жаңа тәуелсіз Қазастанда жаңа мерекелер пайда болды, олардың ішіндегі көпшілігі ел арасына тез сіңіп, халыққа ұнады. Кейбір мерекелер жақын арада тойлана бастады, сондай мерекенің бірі – Отбасы күні. Отбасы күні біздің еліміздің сүйікті мерекесіне айналатынына сенімдіміз, өйткені іс-шараны өткізу отбасылық құндылықтарды сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамның үйлесімді дамуына бағытталған, - деп мерекенің қажеттілігін айрықша айтып өтті мекеме бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Ғани Імбетов. Сонымен бірге, ұжымдастары мен іс-шараның қонақтарын ізгі ниетпен құттықтады.