ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ
Қызылордада өткен жылы 9 ауылдық аурухананың жұмысын қалпына келтірілді. Биылғы тағы 4 ауылдық аурухана: Жаңақорған ауданының Келінтөбе, Бірлік, Қожакент ауылдарында және Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында жұмысын бастады. Олардың барлығы да қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталды.
Сондай-ақ, Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде ауысымына 250 келушіге арналған емхана және үш дәрігерлік амбулатория (Жалағаш ауданының Аққыр ауылында және Арал ауданының Аралқұм мен Қамыстыбас ауылында) пайдалануға берілуде. Тағы 11 дәрігерлік амбулатория мен Жосалы, Жалағаш және Сексеуіл кенттеріндегі 3 емхана құрылыстары жыл соңына дейін аяқталады.