ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНҒА ЕСЕПТІ БОЛАДЫ
Жергілікті полиция қызметі жергілікті атқарушы органға есеп беретін болады. Қызмет басшысын да облыс әкімдіктері тағайындамақ. Кеше Мəжілістің жалпы отырысында жергілікті полицияның қызметіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы алғашқы оқылымда мақұлданды.
Осылайша жергілікті əкімдердің өзіне бағынышты аумақтағы құқықтық тəртіпті қорғаудың үлкен механизмі болады. Сонымен қатар олардың жергілікті полиция қызметтері үшін жауапкершілігі де артады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында халыққа есеп беретін жергілікті полиция органын құруды тапсырған болатын. Заң жобасында көрсетілгендей, полиция қызметінің басшылары жергілікті қауымдастықтың алдында жылына кем дегенде екі рет есеп береді. Яғни олар бірінші кезеңде əкімдік пен мəслихат алдында, екінші кезеңде жылына бір рет тұрғындардың алдында есеп береді.
Мұнымен қоса, Жергілікті полиция қызметінің құзыретіне құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу міндеттері жүктеледі.
Депутаттардың айтуынша, бұл заң жобасының жергілікті жердегі полиция қызметкерлері үшін маңыздылығы жоғары.