«ГҮЛНӘР ТУР» ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Сот «Гүлнәр тур» туристік компаниясын лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ИДМ Туризм департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм департаменті – агенттік ескерт) «Гүлнәр тур» туристік компаниясын туроператорлық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сотқа шағым түсірген.
«2014 жылдың 22 тамызында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ашық сот отырысында «Гүлнәр тур» туристік компаниясын лиценциясынан айыру туралы шешім шығарылды», - деп жазылған хабарламада.