МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Мектеп оқулықтары қымбаттауы мүмкін. Өйткені баспа елдікі болғанымен, кітап шетелде басып шығарылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Олар мектептерді оқулықтармен қамтуға қатысты өз есептерін берді. Биыл еліміздің өңірлері бойынша жалпы қаржыландыру 13 млрд 781 млн теңгені құраған. Кітаптарды уақытылы жеткізу мәселесінде де биыл шикілік шықты. Министрлік бұл қателіктің енді қайталанбайтынын жеткізді. Сонымен қатар оқушылардың жұмыс дәптері бұдан былай электронды болуы мүмкін. Өйткені олардың бағасы қазір кітаптың құнымен теңескен.
- Біз келісімге келетін болсақ, бір-ақ жыл пайдаланатын электронды жұмыс дәптерге көшсе, оның бағасы төмендеу болады. Пайдалануға да жеңіл, - дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.