АЙМАҚТА БАЛА ТУУ КОЭФФИЦИЕНТІ ТӨМЕНДЕДІ
2015 жылдың 1 тамызына қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 759,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 329,6 мың, ауыл халқы – 430,2 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 43,4%, ауылдықтар үлесіне – 56,6% тиесілі, деп жазады kyzylorda-stat.kz.
2015 жылдың қаңтар-шілде айында облыста туылғандар саны 11095 адамды құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 695 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,17-ден 25,17-не азайған.
2015 жылдың қаңтар-шілде айында облыста өлім көрсеткіші 2647 адамды құрап, 49 адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-шілде айында 2696 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,21-ден 6,01-ге азайған.
Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (25,1%).