КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ШӘКІРТАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 25%-ға арттыру қарастырылып отыр, деп жазады 24.kz.
Ол үшін қазынадан 48,7 млрд теңге бөлу көзделген. Сонымен қатар шәкіртақы көлемі де 25%-ға артпақ. Бұған 16,2 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасының таныстырылымында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. 2016-2017 жылдары жылдық инфляция деңгейі 6-8 %, 2018-2019 жылдары 5-7%, 2020 жылға қарай 4-6% болады деп болжануда.