МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕКПЕЛЕР ИСЛАМ ДІНІНЕ ҚАЙШЫ МА?
Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Арал ауданының медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы басқосуды «Медициналық екпелерге діннің көзқарасы» деген тақырыпта ұйымдастырды. Кездесу барысында орталықтың бас маманы Қ.Мырзабеков, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушысы, дінтанушы Б.Оспанов кейбір дәстүрлі емес діни ағымдардың дінді желеу етіп, медициналық екпелерге қарсы шығып жатқанын айтты. Дегенмен, адам денсаулығына зиян келмейтін медициналық екпелерге ислам діні қарсы емес.
Қатысушылар осы сияқты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тақырыпты қызу талқылады.