ОРАЛМАНДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын үйлестіру» әлеуметтік қызметі жобасы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты оралмандар арасында Сырдария, Жалағаш, Шиелі мен Жаңақорған аудандарында ауданаралық семинар болып өтті.
Шетелден келген қандас бауырларымыздың қоғамға қалыптасуына ықпал жасау мақсатында өткен шарада оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының жетекшісі Б.Мастеков мемлекет тарапынан оралмандарға жасалып жатқан қолдаулар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ қандас бауырларымызды жұмыспен қамту барысы, әлеуметтік көмектердің берілу тұрғысында түсіндірме жұмыстары, оралман азаматтарға мемлекеттік тұрғын үйге қол жеткізу жолдары мен қағидалары жайында толығымен баяндалды. Оралмандардың көкейінде жүрген азаматтық алудың бағыты жөніндегі сұрақтарға аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы тобының аға инспекторы, полиция майоры Жомарт Абдуллаев жауап берді.
Іс-шарада көтерілген мәселелер тиісті сала басшыларына хаттамалық тәртіпте жолданып, шешілуіне оралмандар орталығы жұмыс жасайтын болады. Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Іс-шарада көтерілген мәселелер тиісті сала басшыларына хаттамалық тәртіпте жолданып, шешілуіне оралмандар орталығы жұмыс жасайтын болады. Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.