ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК МАШЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау жұмыстарын қорытындылады, деп жазады mzsr.gov.kz.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, республиканың барлық аймағының 5588 адамы біліктілік емтиханынан өтті. 4434 үміткер жақсы көрсеткішке ие болып, республика бойынша емтиханды сәтті тапсырудың орташа көрсеткіші 79%-ды құрады.
Білім мен тәжірибеліік машықтарды бағалауды тапсыра алмаған дәрігерлер мәлімденген мамандық бойынша 108 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курсын қосымша өткендігі туралы құжаттарды ұсынғаннан кейін біліктілік емтиханын қайтадан тапсыруға жіберіледі.
Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған мамандардың ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай (98%), Батыс Қазақстан (96%), Солтүстік Қазақстан (91%) және Алматы (91%) облыстарының еншісінде.
Дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау олардың жедел жәрдем көрсету машығын меңгеру деңгейін анықтау негізінде тоқсан сайын өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі денсаулық сақтау саласы дәрігер-ұйымдастырушылары мен менеджерлерін есептемегенде, дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау шараларын енгізу бойынша жұмысты жалғастырған болатын.
Жоғарғы, бірінші және екінші санат үміткерлерін бағалау арнайы оқудан өткен тәуелсіз сарапшылар емтихан алушыларының қатысуымен өткізілді.
Сонымен, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 3882 дәрігер бағалаудан өтіп, олардың 3017-сі (78%) емтиханды сәтті тапсырды.