ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА НАРКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІН БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 201-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша тәуекел тобын айқындау технологиялары» тақырыбында ювеналды полиция қызметкерлерін оқыту семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Семинарға нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, нарколог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Гүлмира Садуақасова, ғылыми-практикалық орталықтың ғылыми қызметкері, психология ғылымдарының кандидаты Леся Бикетова және психолог Айман Самиева қатысты.
Семинар жұмысы барысында нарколог-дәрігер Садвакасова Гульмира жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдердің психоактивті заттарды қабылдау мәселесі туралы сөз қозғады. Семинар жұмысына Қызылорда ҚІІБ, аудандық ішкі істер бөлімдерінің ювеналды полиция және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, оларға сертификаттар табысталды.