ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРМАЙ КЕЛЕДІ
Қызылордада көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауға әкеп соқтырмайтын әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 20 994 азаматтың жүргізуші куәліктері заңсыз алынғаны анықталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының тиімділігіне тексеріс жүргізген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатылған 41 тұлға қазіргі күнге дейін «Әкімшілік құқықбұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкінде» негізсіз жауаптылыққа тартылған ретінде есепте тұрған. Сондай-ақ жол-техникалық инспекциясы қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Н.Бәйменовтың және «Еуро-Азия құрылыс корпорациясы «EVRASCON» ААҚ ҚФ-ның инженері Е.Даржановтың әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық белгiлерi жоқ болса да, олар заңсыз жауаптылыққа тартылған.
«Жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзған жүргізушілерді әкімшілік жауаптылыққа тартуға шаралары қолданылмаған. Тәртіптік жазаға тарту тәжірибесі зерделеніп, нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану құзыреті жоқ ҚІІБ бастығының орынбасарымен тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерді тәртіптік жазадан негізсіз босатқаны анықталған», - делінген хабарламада.
Облыс орталығындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған көліктердің тең жартысына жуығы жөндеуде тұр. Яғни бұдан жол-патрульдік полициясының толық көлемде қызметін атқармайтынын көреміз.