ҚЫЛМЫСТАР МЕН ОҚИҒАЛАРДЫ ҚАРАП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН 1,3 МЛН. АРЫЗ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ТҮСКЕН
ҚР ішкі істер органдарына 2013 жылдың 12 айында қылмыстар мен оқиғаларды қарау және шешім қабылдау үшін 2 млн.-нан астам, ал биыл 7 айда 1,3 млн. арыз және хабарлама келіп түсті.
Тәжірибе көрсеткендей, 80%-ға жуық қабылданған арыздар мен хабарламалар бірнеше сөйлемдерден құралған. Соның ішінде, арыз берушілер өздерінің толық анкеталық деректерін, тұрғылықты мекен-жайын және басқа да қажетті мәліметтерді көрсетпеген. Сонымен қатар арызданушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 351 бабына сәйкес көрiнеу жалған жеткiзу үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілмеген.
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы толыққанды деректер (жасалған қылмыстың әдіс-тәсілі, уақыты мен орны), болжамды қылмыскер (мекен-жайы, сыртқы келбеті және ерекше белгілері, қылмысты жасаудың болжамды себептері және т.б.), жасалған қылмыстан келгензардап (алынған дене жарақаты туралы толыққанды сипат, залал шығыны, ондағы әрбір қылмыскердің рөлі, т.б.), заттай дәлелдемелер (қылмыскердің немесе қылмысқа қатынасы заттардың, киімдер мен қалдырылған іздер және т.б.), қылмыстың куәгерлері немесе көрген адамдар (анкеталық деректер, мекен-жайы, т.б.) – мұның барлығы қылмыстық істі ашу үшін заңды тұрғыда шешім қабылдауға, сондай-ақ қылмысты тергеу мен ашу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін маңызды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексі өз күшіне еніп, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша арыздар мен хабарламаларды тіркеу сотқа дейінгі тергеудіңБірыңғай тізілімінде (СДТБТ) жүзеге асып, сотқа дейінгі тергеудің бастамасы болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламалардың жаңа үлгісін әзірледі. Онымен азаматтар ҚР ІІМ веб-порталында, Астана мен Алматы қалаларының,облыстардыңІІД сайттарында, сонымен қатар ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарында таныса алады.
Жаңадан енгізіліп жатқан әдісті саралаудан өткізу мақсатында 1 қыркүйектен бастап қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламаларды жаңа үлгілер бойынша қабылдау жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі