ШУАҒЫ ШАЛҚЫҒАН ЖАНҰЯ
«Әрбір шаңырақты шуаққа бөлеп, бақытын шалқытатын не?» дегенде Тәңірден амандық, адамнан ортақ кәсіп деген екен бір ғұлама. Расында ортақ кәсіп бауырластықтан да әрі адамды жақындастыра түседі емес пе? Әрбір күніңнің көп бөлігін өткізетін жұмыс жайы, қызмет бабы бауырды әріптеске, әріптесті досқа айналдырып жібергенде ата кәсіптің ардақ жолы деген осы емес пе деп сүйсінесің. Мұндайды жанұяны ұйытқан династия деп жатамыз.
Міне, сондай бір саладан бақыт та, береке де тауып, бір мақсат, бір мүддеде жүргендердің бірі Туляповтар әулеті. Жанұясымен ішкі істер саласында қызмет ететін бұл әулеттің осы сала атқаруға міндетті саласы секілді.
Олай дейтініміз кешегі сұрапыл соғыстың кезінде Ұлы отанын қорғауға аттанған Байділда ақсақал майданда ел тыныштығын бұзған жауға қарсы ұмтылып, қолына қару алған еді. От пен оқтың ортасынан оралған ол елге келген соң да өздері төсін ажалға тосып жүріп алып келген бейбітшілігін әспеттеді. Халықты достыққа, бірлікке, әсіресе тыныштыққа шақырды.
Міне, Байділда ақсақалдың осы бір қағидасын өзінен өрген бес бала өмірлік ұстанымы етіп келе жатса, немерелері ата тектің ардақ жолын кәсібіне де айналдырып үлгерді. Бала күнінен әділдікті жақтап, шындықтың ауылынан алыстамайтын Сейтмұрат жоғарғы сыныпта оқып жүргенде-ақ әкесі Сұлтанбекке тәртіп сақшысы болғысы келетін арманын ашық айтатын. Әке балаға сыншы десек те, кішкене ғана ұлының өте жауапты саланы таңдауына кейде күмілжіп қалатын. Өйткені тәртіп сақшысы болу деген дүйім бір елдің, бір мемлекеттің тыныштығына, болашағына жауапты болу деген сөз. Әр сәті жауапты, әр сәті қауіпке толы бұл мамандықты алып жүру қандай болса, оның абырой биігі де сондай болатыны да бар. Оның үстіне анасының «Ер жігіттің міндеті елін қорғау» деген сөзі құлақта сақталды, жүректе түйілді. Ел тыныштығы үшін ажалмен бетпе бет келген әкесінің ұстанымы көз алдынан кетпеді. Осылайша тұңғыш ұлы Сейтмұратқа сақшылық саланы таңдауына келісім берді.
Жаңа заман, әр баланың өз таңдағаны болады деген үстемдік құрып тұрса да, Сейтмұрат әкенің ақ батасы, разылығынсыз өзі таңдап тұрған салаға қадам да баспаған болатын. Бұл анасы Ақжамалдың тал бесіктен бері берген тәрбиесі болатын. Әке тұрып ұл сөйлетпеген оның текті тәлімі тал бойынан мін таптырмады. Әкенің қас қабағына қарап, ымына бағынған ұл осылайша бала күнгі арманына алғашқы қадамын басты.
Арман қуған бозбала мектеп бітірісімен әке батасын алып, 2002 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң колледжіне түседі, кейіннен ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдайды. Баяғы сағымша қашқан арманы енді бері қарап, жақындай түскендей. Оқудың қызығы ұйықша тартып, оқу орнында жүріп көзге түсіп, білім нәрімен құмарлана сусындай береді.
Осылайша арада екі жыл уақыт өтіп, 2004 жылы Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасында тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инженер- инспекторы атанады. Жаңадан келген жас маман мұндағы білікті, тәжірибелі ішкі істер органдарының ардагері полиция полковнигі Абенов Қанат және Серік Көшекбаев, полиция полковнигі Оспанов Жарас, полиция подполковнигі Өтеев Кемаладин, полиция подполковнигі Қайырбергенова Гүлжахан секілді мамандардан үлгі алып, ұстаз тұтып алғашқы қызметтік баспалдақтарын баса бастайды. Жинаған білімі мен біліктілікті ұштастыра бастаған Сейтмұрат «көп екен білгенімнен білмегенім» деген алдынғы аға буыннан теңдессіз үлгі алады.
Тәрбиелі жерден өсіп өніп, ата көріп оқ жонып өскен Сейтмұратты жаңа ортасы да тез қабылдап, білгендерін үйретуден жалыққан жоқ. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші ұжымдағы ұстаздары оны аз ғана жылдың ішінде нағыз маманға бергісіз кадр етіп шығарды.
Жүрегінде жалыны бар жас тоқтай ма, күн түн демей, шаршауды білмей, тапсырманы тиянақты орындап тастамайынша тынбай еңбек еткен оған мекеме тарапынан үлкен сенім артылды. Яғни, Қызылорда ОІІД тылдық қамтамасыз ету басқармасының автокөлік тобының маманы, бір жылдан соң аға маманы - аға инспекторы қызметі берілді.
Әрине, мұның барлығы оңайлықпен келіп жатқан жетістіктер емес. Өз мақсатына жетудегі табандылығы, талапшылдығы еді. Жұмыстың жауапкершілігі жанын қайыстыра бастағанда әкенің сыншыл сөздері, қатаң мінезі оны қайраққа салған сүңгідей шыңдай түсетін. Тіпті әкесінің «Мені абыройсыздыққа қалдырма» деген жалғыз ауыз сөзі қылыш қырына да қарсы жүргізді.
Үйдегі берілген тәлім мен өмірден жинап жатқан тәжірибе оны күн өткен сайын қайрап, қайраған сайын шыңдап, биіктен көрсете түсті. Осылайша әбден шыңдалған маман сол бөлімше бастығы болып тағайындалады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме? Сол секілді әкенің талапшыл, әділ ұстанымы мен ананың ақ адал пейілін көріп өскен ұл қос тәрбиені қанат етіп байлап, биікке көтерілді. Бүгінде полиция майоры шенін таққан Сейтмұрат Туляпов Қызылорда облысы ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының әскери және арнайы қамтамасыз ету бөлімшесінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келеді. «Алтын шыққан жерді белден қаз» демекші берекесі тасыған осы саланы Сейтмұраттың жұбайы Туляпова Алтынкүл де оңтайлы көріп, ІІД де іс жүргізуші болып қызмет атқарған болатын. Бүгінде бір ұл, бір қыздың тәрбиесімен үйде отырған жұбайы жанұясымен осы саланы таңдағандарын бақыт санайды. Тіпті балаларының да әділдікті жақтар, шындықты қолдар, ел тыныштығын күзетер тәртіп сақшысы болғанын қалайды.
Үйдің үлкенінің басқан ізі, берген тәрбиесін кейінгілері де өзіне ұстаным етпей ме? Сол секілді ағасын үлгі тұтқан інілері Данияр мен Дидар да осы ішкі істер саласы қызметін таңдады.
Олардың бұл таңдауларына әкесі де, анасы да әу басында ақ разы болып, шаттанған болатын. Себебі тәртіп сақшысы болу ел алдындағы қалтықсыз қызмет болса, ар алдындағы жауапкершілігі жоғары қызмет дейді ұйыған шаңырақтың отағасы мен отанасы.
Алдыңғы арбаның ізімен жүрген полиция копитаны Туляпов Данияр 2004 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы Заң институтының тыңдаушысы болып, қызмет жолын туған жерінен бастап, бүгінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқаруда. Ал, кіші інісі полиция лейтенанты Дидар Сұлтанбекұлы болса, ағалары білім алған Ақтөбедегі Заң институтын тәмамдап, бүгінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып жатыр.
Ағайынды тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында қызмет атқарған кезіңде Ішкі істер департаменті, Ішкі істер министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше мәрте түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Оның ішінде «Мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медальдары, «Үздік» омыраулық белгі, бірқатар «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттары» да бар.
Міне, осылайша үш ұл, бір қыз тәрбиелеп, елге үлгі болып отырған Сұлтанбек Туляповтардың әулеті ішкі істер істер саласынан бақытын да, шаттығын да, өмірлік орнын да тапқан нұрлы шаңырақ десек болғандай.
Байділда аталары секілді ел тыныштығы үшін ерен еңбек етіп келе жатқан үш бірдей тәртіп сақшылары шыққан үй бейбітшіліктің нышаны іспеттес. Құт берекесі тасыған, еңбектен бағы жанған осы бір әулет сырт көзге қарапайым ғана отау секілді көрінгенмен ішінде бағынған арман, аманат ұстанымның астасып жатқанын бірі білсе, бірі білмейді ау.
Ел тыныштығы үшін кеудесін отқа да, оққа да тосатын намысшыл шаңырақтан әлі атасы аңсағандай қанша ұрпақтың өрерін бір тәңір ғана біледі. Ал, біз сондай ұрпақтың өркендеп, жайқала беруін тілейміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі