«ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕ 600-ДЕН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының бірінші күнінде 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Конституция күні қарсаңында ұйымдастырылған үш күндік шараға 1000-ға жуық қызметкер жұмылдырылды. Күнделікті бекеттерден бөлек, аппарат қызметкерлерінен құралған қосымша бекеттер күшейтілген түрде жұмыс атқаруда.
Бірінші күні барлығы 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті масаю күйінде басқарған 11 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 116 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 123 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Айтарлық, шара барысында қала тұрғыны 1994 ж.т. А.Е. өз басқаруындағы автокөлігінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылған болатын. Бұған қоса, құжаттарды тексеру барысында жүргізу куәлігінің жоқ екендігі және бұл азаматтың көлікті жүргізу куәлігінсіз айдауы бірінші рет емес екені анықталды. Яғни, ағымдағы жылдың наурыз айында азамат А.Е.-ге көлікті жүргізу құқығы жоқ күйінде айдағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 27 780 тенге айыппұл салынған. Алайда, соған қарамастан бір жыл ішінде біртектес құқықбұзушылықты қайталағаны үшін, яғни жүргізу құқығынсыз автокөлікті бір жыл ішінде екінші рет басқарып, сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды.
Бұған қоса, «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша ұсақ бұзақылықтың 48 дерегі, спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 59 дерегі анықталды.