ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Сот ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының судьясы, облыс соттарының судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Б.Қиязов және Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов қабылдады.
«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
«Ашық есік күніне» қатысушылар адвокат Т.Мырзамбетов, «Цесна банк» АҚ-ның өкілі А.С.Махмутов, азамат Б.К.Асанбаев, Б.Көшербаевтың көкейде жүрген сауалдарына облыстық судьясы Б.Ө.Қиязов пен қалалық сот төрағасы А.М.Бабатов жауап берді.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар тарапынан атқару парақтарының орындалуы, тараптардың сот отырысына СМС хабарлама арқылы шақырылуы және сотқа талап арызды өткізудің жолдары жөнінде сауалдар қойылды.
Адвокат Т.Мырзамбетов пен «Цесна банк» АҚ-ның өкілі Қызылорда қалалық сотының сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы жұмысына өз алғыстарын білдірді.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі