НАМАЗДАН КЕЙІНГІ НАСИХАТ
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен намаздан соң жамағатқа белгілі бір тақырыптарда жүйелі уағыздар жүргізу қолға алынуда, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Аталмыш бастама негізінде алғашқы уағыз-насихатты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Мұхтар Гаджиев жүргізді. Бұл бастамаға мешіт жамағаттары да ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Сонымен қатар, әрбір бейсенбі күні ауыз бекіткен жамағатқа арнап арнайы ауызашар беріліп, жамағаттың ынтымақ, бірлігін нығайтуда өз септігін тигізуде.
Бұл шаралар, алдағы уақытта үздіксіз жүргізіліп, дінімізге беттеген жастарымыз бен бауырларымыз Ислам дінінің қасиетін терең ұғынып, мұсылмандыққа бет бұрғындар қатары көбеймек.