ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «100 нақты қадам» Елбасының Ұлт жоспары бес институционалды реформасын іске асыру тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс шараға сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі және сот қызметкерлері қатысты.
Семинар сабағын сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров ашып, Ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты қадамдары туралы қысқаша мәлімет айтып, сөз кезегін баяндамашы бас маман Р.Хизатова берді.
Баяндамашы Р.Хизатова қатысушыларға ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қазақстанның əлемнің 30 дамыған мемлекеттері қатарына кіруі бойынша бес институционалды реформаларға бастамашы болғанын хабарлады. Баяндамада заң үстемділігін қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды, ол азаматтардың əділ сотқа деген қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыруды, əділ сот жүйесінің бес сатылы жүйесінен үш деңгейліге көшуді қамтиды. Сонымен қатар, жаңа реформалар еліміздің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жəне қазіргі заманға сай келетін мемлекетті, соның ішінде сот жүйесін нығайтуға бағытталатындығы, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде атап өтті.
Реформаларды орындау үшін оларды жүзеге асырудың 100 нақты қадамы əзірленді. Институционалды реформалардың бірі заң үстемділігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны іске асыру үшін 19 нысаналы қадам көзделген: азаматтардың əділ сотқа қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесін оңтайландыру, судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің біліктілік талаптары мен тетіктерін қатайту, сот тəжірибесін оқытудың өзара байланысын күшейту үшін əділ сот институтын мемлекеттік басқару академиясы құрылымынан бөліп шығару, судьялардың есеп беруін күшейту, барлық сот процестерінің міндетті түрде аудио жəне бейнежазылуын енгізу болып табылады.
Іс шараға қатысушылар Президент бастамашысы болған бес маңызды реформаны іске асыру Қазақстанға əлемнің дамыған 30 елдері қатарына тез арада кіруіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі