«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ЖАСТАР»
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қаладағы орта мектептердің педагог-психологтары қатысты. Әлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие. Адамдар арасында бөгетті бұзған әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде. Дегенмен, оның басқа жағы да бар.
Дөңгелек үстелде әлеуметтік желілердің жастардың психологиясына әсері туралы ой-пікірлер өрбіді. Басқарманың бас маманы М.Тасқынбаева және «Сана-сезім» орталығының директоры Р.Базарбай баяндама жасады.