ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ
Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.
«Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусының бас директоры Александр Эггермонт пен Берлиндегі университет жанындағы «Шаритэ» медициналық комплексінің профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жасауға көмектеседі», - делінген хабарламада.
Аталмыш келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды.
Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСӘДМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердің ауруын жеңілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар таргеттік терапияны анықтау мақсатында молекулярлы-генетикалық, иммунды-гистохимиялық зерттеулерді жүргізуге арналған лабораторияны ашу мүмкіндіктерін, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында онкоклиникаларды ашу, қазақстандық мамандарды MD/PHD және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері қарастырылды.
Гюнтер Хенцемен кездесу барысында ҚР-дағы балалардың онкологиялық қызметін жетілдіру ісі талқыланды. Оның ішінде онкологиямен ауыратын балалар мен олардың ата-аналарына арналған пансионаттар құрылысы, оларға паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру, Киль қаласындағы референс-лабораторияда иммундық-гистохимиялық зерттеулерді растау, ісіктерді визуализациялау мақсатында республикалық балалар медициналық ұйымдарын сапалы әрі заманауи диагностикалық аппараттармен қамсыздандыру ісі талқыланды.
Кездесулердің нәтижесінде профессор Александр Эггермонт Қазақстандағы ересектерге арналған онкологиялық қызметті дамыту бойынша, ал профессор Гюнтер Хенце Қазақстандағы балалар онкологиялық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқару туралы келісілді. ҚР ДСӘДМ бұйрығымен екі профессор министрдің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалады.