ІРІ САУДА НЫСАН БАСШЫЛАРЫНА ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАРАТУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Облыстық прокуратура мен діни әдебиеттердің, басқа да діни мазмұндағы және белгілері бар материалдардың белгіленбеген орындарда таратылуы жағдайына тұрақты түрде бақылау жасалынуда, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мәліметке сәйкес, 2014 жылы белгіленбеген орындарда діни мазмұндағы әдебиеттерді тарату бойынша қала бойынша 4 факті анықталса, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылында барлығы 10 факті, оның ішінде Қызылорда қаласы - 8, 1Арал және Қазалы аудандарында тіркелді.
Негізінен діни әдебиеттер және діни мазмұндағы басқа да материалдар кітаптар мен мерзімді басылым өнімдерін сату пунктері арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, аталған фактілер Қызылорда қаласында жекелеген кітап дүкендерінде, сонымен бірге, «Жайна», «Жаңа базар», «Сұлтан», «Қасиет», «Айтбек» секілді ірі сауда орталықтарында, ал Қазалы ауданында Әйтеке би кентіндегі «Береке» сауда үйінде орын алған.
Заңдылықты бұзушылықтың орын алуының бірден-бір себебі – кәсіпкерлердің діни әдебиеттерді сатуға қатысты заңнамадағы шектеулерді білмеуі. Осыған байланысты облыстық прокуратурамен аталған сипаттағы әдебиеттерді тарату тәртібін түсіндіру бойынша шаралар қабылданды.
Нәтижесінде, ірі сауда нысандарының басшыларына діни әдебиеттерді тарату тәртібі туралы 33 заң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнамала талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.