ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы «Қызыл жарты Ай» қоғамының Қызылорда облыстық филиалында «Аймақтағы орын алатын қаупі бар төтенше жағдайларға қатысты алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник С.Сыздық пен офицер капитан Б.Спановтың басшылығымен өткен іс-шара барысында облыс аумағында орын алған табиғи және техногендік төтенше жағдайлар мен олардың алдын алу, қорғау қызметтерінің дайындық дәрежесін жоғарылату мен командалық-штабтық оқу-жаттығулар жөнінде талқыланды.
Сонымен қатар, тәжірибелі түрде алғашқы медициналық көмек көрсету әдісі үйретілді. Сабаққа 14 адам қатысты.
Сонымен қатар, тәжірибелі түрде алғашқы медициналық көмек көрсету әдісі үйретілді. Сабаққа 14 адам қатысты.