ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ
Жуырда Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен айыпталған «Медиация» тәртібімен қысқарған сотталушы Ж.Кожамұратованың қылмыстық ісі бойынша брифинг өтті.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, брифингті Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков жүргізді. Шара барысында 21.07.2015 жылы Қызылорда қалалық №2 сотына түскен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша азаматша Ж.Кожамұратоваға қатысты қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.
Атап айтқанда, сотталушы Ж.Кожамұратова жәбірленуші Г.Молдабековаға 3-топтағы қызын 2-топтағы мүгедектікке болмаса өмірлік мүгедектікке шығарып бере алатындығы және осындай әрекеттерді жалғастырып өзінің алдауға бағытталған айла тәсілдермен сендіріп, жәбірленушінің сеніміне кіріп барлығы екі жүз жетпіс бес /275 000/ мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, өз пайдасына жаратқан.
Сотталушы басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген қылмысына шын жүректен өкінетінін, жәбірленушімен татуласқанын, келтірілген залалды толығымен өтегенін, жәбірленушінің арызына сәйкес, медиациялық тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұрайтынын көрсеткен.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген Ж.Кожамұратова Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын айтты.