ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАП ТҮСІНДІРМЕ САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
20 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өткізіліп жатырған «Абайлаңыз-балалар» атты республикалық жедел-профилактикалық және 20 тамыз – 20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» атты акция облыс аумағындағы мектептерде 2015 жылдың 1 қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» іс-шараларының өткізілуіне байланысты 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту, мектептерде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-шараларының жоспары бекітілді.
ОІІД ӘПБ ювеналды полиция қызметкерлері 2015-2016 жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырауды пайдалана отырып, Қызылорда қаласының барлық мектептерінде оқу жылын жаңа бастаған балалар мен биыл мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арнап жол ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы дәрістер оқып, көрнекі үгіт құралдарын таратты.
Мектеп ұстаздары мен ата-аналарға бірінші сыныпқа барған балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, мектепке жалғыз өздерін жібермеу қажеттігі туралы ескертілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Мектеп ұстаздары мен ата-аналарға бірінші сыныпқа барған балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, мектепке жалғыз өздерін жібермеу қажеттігі туралы ескертілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі