АЛҒАШҚЫ ҚҰЖАТ АЛУ ҚУАНЫШЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөлімінде куәлік тапсыру шарасы аталып өтті. 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы құжаттары салтанатты түрде табысталды.
Азаматтығын дәлелдейтін құжаттарын алған жастардың қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта өздеріне артылған үміттің сенімін ақтауға уәде беріп, қазақ елінің дамуына, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосатынына уәде берді. Құжат тапсыру барысында бөлім басшысы Жасұлан Дәуітбайұлы балғындарға шын ниетімен тілектестігін білдірді.