БАЛАЛАРҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН
Әр бала әлеуметтік және денсаулық жағдайына қарамастан толыққанды өмір сүруге, қамқаорлыққа, махабатқа бөленуге және білім алуға құқылы. Қоғамның заманауи дамуы кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мен оңалту күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда «Ұмай» ҮЕҰ-ның ұйымдастыруымен «Барлық бала бірдей, барлық бала сүйікті!» ұраны аясында бірнеше жоба іске асырмақ.
Қызылордадағы «Ұмай» мектепке дейінгі балаларды емдеу-тәрбиелеу қайырымдылық үйінде 2010 жылдан бері Арал қаласындағы 18 орындық, Жалағаш кентіндегі 15 орындық және Қызылорда қаласындағы 35 балаға арналған ақыл-есінде ауытқулары бар және қимыл-қозғалысы жүйесі шектелген балалар үшін үш күндізгі стационар қызмет етіп келеді. Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жүзеге асқан мүмкіндігі шектеулі, психологиялық және коррекциялық көмекті қажет ететін балаларға арналған стационарлардың жұмысы бұған дейін Канаданың даму қорымен, ҚР Тұңғыш Президенті қорымен, демократияны дамыту бойынша кіші гранттар аясында ҚР-ндағы АҚШ елшілігімен, ПРООН арқылы қаржыландырылып келген болатын. Аталмыш бағдарламалар аясында Ресейде, Германияда, Ұлыбританияда білімідерін жетілдіріп келген дефектолог, логопед, коррекциялық педагог, әлеуметтік педагог мамандар қызмет көрсетеді.
Құрбан айт мейрамы қарсаңында облыс орталығындағы қайырымдылық үйіне «КMF» микроқаржыландыру ұйымының өкілдері келді. Тәрбиеленуші балалар қонақтарды жайдары, ән-шашумен қарсы алды. Өз кезегінде қонақтар да өнерпаз сәбилерге тәтті тағамдар мен кеңсе заттарын ұсынды. Сондай-ақ, балалардың физикалық жағдайын коррекциялауға арналған құрылғы, велотренажер, құрғақ бассейн, шедтік спорт жихазын тарту етті. ҮЕҰ «Ұмай» да КMF басшылығы мен қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жаудырып, рамет айтты.