ҚАРИЯЛАР АТА ЗАҢДЫ АТАП ӨТТІ
Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арналған «Елдіктің асыл тірегі – Конституция!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде атқарып жүрген елеулі еңбектері үшін интернат қызметкерлері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Жылқышиеваның алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара барысында қариялар мен интернат қызметкерлері патриоттық әндер айтып, мерекелік концерт қойылды.
Мерекелік шара барысында қариялар мен интернат қызметкерлері патриоттық әндер айтып, мерекелік концерт қойылды.