1 ҚАЗАННАН ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЕГУ БАСТАЛАДЫ
Осы жылдыӊ 1 қазанынан бастап Қазақстанныӊ барлық өӊірінде қызылшаға қарсы вакциналау маусымы басталады. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары Жандарбек Бекшинніӊ айтуынша, қызылша жұқтырушылардыӊ саны көп тіркелген соӊ, қосымша вакциналау маусымы қайта басталмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ дерегі бойынша, қазір әлемде қызылша ауруына қатысты жағдай күрделеніп отыр. Қазақстан Республикасында жыл басынан бері қызылша жұқтырған 2283 адам тіркелді. Өкінішке орай, алдыӊғы иммундау маусымында вакцина алмаған бір жасөспірім маусым айында қызылша ауруынан көз жұмды. Қызылша ауруыныӊ асқынатын бірнеше түрі болады, соныӊ бірі және өте қауіптісі мидыӊ қабынуы. Сондықтан, ата-аналар мен ел азаматтарын вакцинадан бас тартпауға шақырамын. Биыл қосымша иммундау жұмыстарын жалғастыру туралы қаулы бекітілді. Осы қаулыға сәйкес, ел бойынша барлық насихаттау жұмыстарын аяқтадық. Иммундау маусымына қатысатын медицина мамандары даярланды", - деді Ж.Бекшин, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Еліміздіӊ бас санитарлық дәрігері мәлім еткендей, иммундау маусымы аясында 15-19 жастағы жасөспірімдер мен қыз-жігіттер қызылшаға қарсы егіледі.
"Қосымша вакциналауды қазан айында бастайын деп отырған себебіміз, жаз айында балалар каникулда болады. 1 қыркүйектен бастап жоспарлы түрде туберкулезге қарсы вакциналау басталады. Эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, бір уақытта екі вакцинаны қатар жүргізуге болмайды", - деп түсіндірді Ж.Бекшин.