КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Конституция – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Жиынға облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен жастар қанатының белсенділері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, жоғарғы оқу орындарының оқытушы ғалымдары, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А. Жұмабаев жүргізді.
Облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, Қазақстан саясаттанушылар конгресінің облыстық филиалының директоры Н.Жәлиев «Қазақстанның Конституциялық дамуы», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.Алтаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтық мәртебесі», Қызылорда қалалық прокурорының көмекшісі Р. Бақбергенов «Қазақстан Республикасының Конституциясы және прокуратура қызметі», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты, облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшесі М.Жүсіпбекова «Роль Конституции РК в обеспечении мира и общественного согласия», «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты С.Тоқболатұлы «Қазақстандағы Конституционализм: тарихи ретроспектива және қазіргі кезең» тақырыптарында баяндама жасады. Философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберлиев, тарих ғылымдарының докторы Ө. Қожақов және басқа қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы А. Сағымбай қорытындылады.