ӨКІЛ ИМАМ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Аталмыш марапатты Талғат Омаровқа Қызылорда облысы облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы салтанатты түрде табыс етті.
Талғат Омаров ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі ретінде аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын нығайтуда. Халық арасында Ислам дінінің насихатталуына, рухани-танымдық шаралардың үздіксіз ұйымдастырылуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға атсалысып келеді. Т.Омаровтың бастамасымен өңіріміздің дін саласында да, тың бастамалар мен тағылымды шаралар жүзеге асуда.
Үлгі боларлық бастамаларымен, игі еңбегімен көптің алғысына бөленіп, дінге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген Талғат қажы Сейіткәрімұлын мерекелік медалімен шын жүректен құттықтап, қызметіне береке, отбасына амандық тілейміз. Өз кезегінде Т.Омаров аймақ басшысына, қызметіне ризашылық білдірген өңір тұрғындарына алғысын білдірді.