«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
«Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасаған.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы барысында филиал ұжымы М.Қаһарманның отбасына көп балалы жанұя ретінде киім-кешек пен мектеп құралдарын алуға қаржылай көмек көрсетті. Ондағы мақсат - аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болды.