«ОӨАЖҚЖ» ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
1 қыркүйек күні әр бүлдіршін үшін – ерекше күн. Оқу жылының басы, балалардың қуанышпен бақытқа толы күн. Бүл күнге ата-аналар жаз бойы дайындалады, дүкендерді аралап балаларына мектепке қажетті киім мен құралдарын алады.
Бұл орайда жағдайлары төмен отбасылаға мектепке дайындық кезеңі ауырға түседі. Бұл отбасылардың балалары үшін әрбір өшіргіш сыйлық көрінеді. Бұндай балалар көбіне сабаққа бармай қалуы да әбден мүмкін, өйткені олардың сабаққа киетін киімдері болмаса жазу жазатын құралдары да болмайды. Бұл себептен тұрмысы төмен отбасылардың балаларының білім деңгейі де төмен.
Біздің елде бұндай балалардың жағдайы үнемі жасалып тұрады. Барлық облыстарда «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шара жүріп жатыр. Осы шарадан ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларыда тыс қалмай, аталмыш шараға өз үлестерін қосты.
Тоқтарбай Диас –№257 мектептің 4 сынып оқушысы. Баланы жалғыз басты ана тәрбиелеп отыр. Жақында бұл отбасының үйлері өртеніп үш баласымен анасы далада қалған жағдайлары бар. Диасқа мектеп құралдары, спорттық киімдер мен аяқ киім алынды.
Омарова Дүйсенкүлдіңде отбасылық жағдайы мәз емес. Мүгедек ана бес бала тәрбилеп жатыр, баласы Омар Олжас №189 мектептің 9 сынып оқушысы. Бұл балаға мектепке киетін киім, спорттық және аяқ киімдер алынды.
Жалғыз басты ананың, Булатова Диана есімді қыздың да тұрақты үйлері жок. №1 мектептің 6 сынып оқушысына да мектепке қажетті киімдер, құрал саймандармен қолдорба алынды.
Игі іс шараны Қызылорда облысы Арал ауданындағы құтқарушылар да қолдады. Олар тұрмыстары төмен екі отбасының балаларын киіндіріп мектепке дайындады.
Сонымен қатар, қызылордалық құтқарушылар метариалдық көмек жинап жоғарыда көрсетілген отбасыларға табыстады.
Әрбір ата-ана үшін басты бақыт – балаларының қуанышты күлімсіреулері. Біздер де көңілсіз балақайлардың көздерін қуанышты етуге мүмкіндігіміз бар. Егер Қазақстанның әрбір еңбекке жарамды азаматы тұрмысы төмен жанұялардын балаларынакөмек қолың ұсынса, тағдыр өкпелеткен балалардың көзі бақытпен жарқырайды. Осы орайда мектепке қатысушылық ұлғаяды, балалардың білім деңгейлері өседі. Әрбір балаға мектепке өз жолын табуға үлес қосайқ!
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ