АТЫС ҚАРУЫН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ӨТЕМДІ ТАПСЫРУДАН ЖАЛТАРҒАН АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛМАҚ
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды және травматикалық атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсырудан жалтарған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Травматикалық және газды патронмен жарақат салатын ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан қаруды ерікті өтемді түрде тапсыру акциясы 2015 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап желтоқсан айының 31-не дейін жүргізілуде.
Травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыру осы мақсатқа көзделген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12 286 000 теңге бөлінген. Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 306 дана жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қарулары тапсырылды.
Қабылданған атыс қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалып, қабылданған тапаншалардың 273 данасына комиссия қорытындысымен шешім қабылданып, 239 тұлғаға тиісті қаражат төленді.
Осыған сәйкес, қаруларын ерікті түрде өткізбеген азаматтарға ескерте кетерлік жайт, 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (3 964 000 тг) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.