"БІР БАЛАНЫ КИІНДІР" ЖӘНЕ "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасы азаматтарының балалары үшін арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Биылғы жылғы қайырымдылық акциясы «Бір баланы киіндір» және «Мектепке жол» атауымен өткізілді, деп хабарлайды орталық мешіттің баспасөз қызметі.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен болған шарада 400-ге жуық жас бүлдіршіндерге қайырымдылық жасалды. Аталмыш шараға қала тұрғындары мен көмек алушы отбасы мүшелері қатысып, іс-шара жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.