ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ
Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру», «Е-қызмет» жүйесі, персоналды басқарудың кейбір мәселелеріне арналған тәжірибелік конференция өткізілді
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлі, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев, қала, аудан әкімінің аппарат басшылары мен Қызылорда облысының жергілікті және аумақтық персоналды басқарудың қызметкерлері қатысты.
Кіріспе сөзімен қатысушылар алдында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар жұмысындағы «Е-қызмет» жүйесінің рөлін атап өтті. Себебі жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің өнімділігін және тиімділігін арттырудағы өзекті факторларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ конференция барысында мемлекеттік қызметті өткерудің күрделі мәселелері мен оны шешу жолдары, «Е-қызмет» жүйесінің жұмысы талқыланды.