ЫСТЫҚКӨЛ ТҮБІНЕН САҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАСЫ ТАБЫЛДЫ
Қырғыз-Ресей археологтарының бірлескен экспедициясы күтпеген жерден ежелгі қаланың орнына тап келді. Ғылыми зерттеуге қатысып жатқан сүңгуірлер Ыстықкөлдің түбінен бұрын-соңды беймәлім болып келген қаланың қалдықтарын тапты, деп жазады 24.kz.
Зерттеуші топ жетекшісі Дмитрий Горнның мәлімдеуінше, бұл шаһар осыдан 2,5 жыл бұрын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұған дәлел - қала орнынан табылған бүтін ыдыс пен тұрмыстық заттардың сынықтары. Қала бастапқыда жер бетінде болған. Бірақ соңынан Ыстықкөлдегі су деңгейі 5 метрге дейін көтеріліп, шаһарды басып қалған, деп хабарлайды ТАСС.