ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ ОБЛЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАР 100 ПАЙЫЗ ОҚУЛЫҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН - А.СӘРІНЖІПОВ
Ағымдағы жылы мектепке қажетті жаңа оқулықтар сатып алуға 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Кітапхана қорларындағы оқулықтардан бөлек жаңа кітаптар сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұған қоса, еліміздің басым облыстарында оқулықпен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылында еліміздің барлық облыстарындағы мектептер оқулықтармен қамтамасыз етілетін болалды.
«Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандары мектептерді оқулықпен қамтуды кешеуілдетуде. Ақмола облысында да мәселелер көтерілген болатын. Дегенмен, біз бұл мәселені көтердік және облыс біздерге қажетті қаржының жергілікті бюджеттен бөлінетіндігін айтып, сендірді. Сондықтан да ағымдағы жылы оқулыққа қатысты барлық мәселелер шешілуі тиіс», - деді министр.