ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҰБТ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛЕДІ
Келесі жылдың басында ҰБТ өткізудің жаңа ережелері жарияланады, деп мәлімдеді бүгін білім жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп жазады primeminister.kz.
«Жыл соңына дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу ережелеріне оның ашықтығын қамтамасыз ететін толықтырулар мен өзгертулер енгіземіз деп ойлаймын, және келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында барлық ережелерді БАҚ-да жариялаймыз», - деді Б.Сапарбаев.
Оның айтуынша, аталған өзгертулерге түлектердің ата-аналары тарапынан келіп түскен көптеген шағымдар негіз болып отыр.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты мәселе көп. Министрлік тестілеу ойдағыдай өтті, оқушылардың білім деңгейі жақсы деп есеп берді. Бірақ, бәрібір ата-аналар тарапынан арыз-шағым азайған жоқ. Білім басқармалары, мектеп директорлары мен әкімдіктер статистиканың соңына түсіп, ҰБТ-ға барынша көп оқушы қатысса және жоғары балл жинаса болды дейді. Бірақ, бұл дұрыс емес», - деп атап өтті ол.
Б.Сапарбаев БҒМ-не өткен жылдың қорытындысы бойынша бағытталған өтініштерді зерделеуді тапсырды.