ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ МЕЗГІЛДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТТІ
2015 жылдың 7 айында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен жасалған 48 қылмыс тіркелсе, өткен жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 52-ні құрап, салыстырмалы түрде 7,7 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр. Балалардың жарқын болашағын қорғауды өзінің негізгі міндеті деп білетін Әкімшілік полиция басқармасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдермен жасалатын қылмыс пен келеңсіз жағдайларды болдырмау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарақаттануының алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың мамыр айында Қызылорда облысының ішкі істер департаменті құзырлы органдармен бірлескен кешенді іс-шаралар жоспарын бекітіп, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізді. Облыс аумағында орналасқан тоғыз тынығу лагерьлерінің барлығына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды. Олар жаз бойы балалармен бірге лагерьлерде түнеп, жергілікті атқарушы орган, мектеп, лагерь қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтер атқарды. Нәтижесінде балалардың жазғы демалыс лагерьлерінде құқық бұзушылықтарға, балалардың қауіпсіздігіне қатысты келеңсіз оқиғаларға жол берілген жоқ.
Сонымен қатар, органдарында есепте тұратын балалар мен қолайсыз отбасынан шыққан балаларға жаз мезгілдерінде демалыс лагерлеріне көптеп баруына мүмкіндік жасалды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымал мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл бағытта барлық қала, аудандық ішкі істер бөлімдеріне ОІІД басшылығы тарапынан нұсқамалар беріліп, олардың орындалуы қадағаланды.
Әкімшілік полиция басқармасынан құрылған арнайы топ қызметкерлері облысымыздағы барлық лагерьлерде болып, жол қауіпсіздігіне, қолданыстағы заңдардағы бала жауаптылығына байланысты тақырыптарда әңгімелесулер мен дәрістер өткізді. Балаларға жол қауіпсіздігіне қатысты арнайы жасалған күнтізбе, блакнот, кітапшалар таратылды.