ДІНТАНУШЫ МАМАНДАР СЫР ЕЛІНДЕ
17-24 тамыз аралығында Сыр елінде «Әл –Азхар» университетінің Ислам мәдениеті және дін насихаты бағыты бойынша ұстазы Имад Мұхамед Әл-бағри Мұхамед және «Әл –Азхар» университетінің шариғат және заң факультетінің Әбу Ханифа фикһының ұстазы Ахмад әл-Амир Мұхамед Жәхин Исмайл ұстаздар болып, бірнеше кездесулер өткізді. Бұл туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесулерде «Зайырлы мемлекеттегі діннің ролі», «Сананы уалаған сан ағым», «Халал түсінігі», «Талақ мәселесі», «Иман және ақида» тақырыптарында жамағаттармен тұрғындармен пікір алмасулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы «Дін мен діл» бағдарламасына қатысып, тұщымды ойларын жеткізді.
Айта кету керек, Сыр елінде тұрғындар мен имам, молдалардың біліктілігін арттыру, діни сауаттылығын арттыру бағытында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітімен бірлескен түрде бірнеше шаралар тұрақты жүзеге асырылып келеді. Соның бірі аймағымызға халықаралық деңгейдегі дінтанушы ұстаздарды шақырып уағыз-насихаттар ұйымдастыру болып табылады.