МЕКТЕПКЕ БАРАР ЖОЛ
«Мектепке жол» акциясы Қызылордалық гарнизонның өртке қарсы қызмет қызметкерлері үшін дәстүрге айналды. Бұл туралы мекеменің мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан хабарлады.
Мекеме қызметкерлері табысы аз отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындалу үшін материалдық көмек беру мақсатында игі іс бастады.
Осы ретте өртке қарсы қызмет қызметкерлері бірқатар оқушыларға кеңсе құралдарына толы сөмкелер мен мектепке киетін киімдерді ұсынды.
«Әр адамның мұқтаж адамдарға көмектесуі қасиетті іс, бәріміз күш салып, әр баланы мектепке баруға дайындай аламыз. Оқу біздің балаларымыз үшін қуанышты жаңалық болады, - дейді Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Көкеев Әділ Мұсахметұлы.