ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҮЙЕДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында ішкі істер органдарының күш-құралдарымен «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында облыс бойынша департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек.
Облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі