МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА ДІН ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жалағаштағы №202 орта мектепте, Жаңақорғандағы №110 мектеп-лицейде мектеп директорларын арналған оқыту семинары өтті.
«Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі «Дінтану негіздері» пәнінің рөлі: өңірлік тәжірибе және діни әдебиеттерді қолдау мәселесі» тақырыбындағы семинар барысында дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Т.Әбуов пәннің мақсаты мен маңыздылығы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің аға ғылыми қызметкері, дінтану ғылымдарының магистрі Б.Оспанов зайырлы оқу орындарында «Дінтануды» оқыту процесінде діни әдебиеттерді пайдаланудағы проблемалар, орталық маманы Б.Убаев пәннің ролі туралы сөз қозғады.