ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУМЕН ҚАТАР ҚАМҚОРЛЫҒЫН БІЛДІРДІ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы 6 жасар Нұрбақыт есімді баланы қомқорлыққа алды. Осы орайда Нұрбақыттың атына мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде есеп-шот ашылды, деп хабарлады ХҚКО баспасөз қызметі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал басшысының бастамасымен Нұрбақыт Берікұлына оқу құралдары мен мектеп формасы табысталды. Қызылорда қаласының №1 бөлімінің ұжымы Нұрбақытқа сәттіліктер тілеп, елдің ертеңін ойлайтын азамат болатынына сенім білдірді.
Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Болашаққа салым салу» акциясы аясында мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырып, партияның сайлауалды тұғырнамасының «Білім және ғылым» бағыты бойынша «Бақытты балалық» - «Счасливое детство» жобасымен таныстырып өтті. Жиын барысында ата-анасыз қалған балаларға көмек көрсету шаралары жоспарланып, ХҚКО-на Нұрбақытқа қамқорлық көрсету жүктелді.