БАЛАЛАРҒА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Республикалық «мектепке жол» акциясы аясында Қызыл жарты ай Қызылорда филиалы мен облыстық «Нұр Отан» партиясының қолдауымен аз қамтылған және көп балалы отбасыларының 50 баласына мектеп құралдары таратылды.
Акция барысында Зәуре Берманова, Ерсадық Омаров сияқты ата-аналар алғыстарын білдіріп жатты. Олар шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізіп, балаларға бөлінген көңілдері мен қамқорлығы үшін алғыстарын жаудырды. Айта кету керек, аталмыш акцияны өткізуге 140 мың теңге жұмсалды.